2022–2024 жылдары республика бюджетінен қанша ақша жұмсалмақ?

Сенат республика бюджеті туралы заң жобасына қол қойды


24/11/2021
13:32 38443 0

Фото: liter.kz

 

Сенат депутаттары 2022–2024 жылдардың республика бюджеті туралы заң жобасына қол қойды. Мұны Vласть хабарлайды.

 

Сенаторлар жобаға 107 өзгеріс енгізген. Бірақ бұдан бюджет қатты өзгермейді дейді Мәжіліс депутаты Анатолий Бочин. 

 

— Үкімет резервін қайта үлестіріп, 2022 жылдың бюджетін 64,5 миллиард, 2023 жылдікін 15,1 миллиард, 2024 жылдікін 6,4 миллиард теңгеге арттырдық, — дейді ол. 

 

Заң жобасына президент қол қойса, трансферттерді қоспағанда 2022 жылы республика бюджетінен 15,9 триллион, 2023 жылы 15,6 триллион, 2024 жылы 16 триллион жұмсалмақ. 

 

Бұрын біз Қазақстанның салық және бюджет жүйесін түсіндірген едік. Оқып, жергілікті және республика бюджетіндегі ақша қайда кетіп жатқанын қадағалап отырыңыз.

Поделиться

Нет комментариев.

24/11/2021 13:32
38443 0

Уведомление